СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай «Мен жастарға сенемін» тақырыбында I курс студенттер арасында өткен дөңгелек үстел.

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық шара.

Просмотр содержимого документа
«Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай «Мен жастарға сенемін» тақырыбында I курс студенттер арасында өткен дөңгелек үстел.»

СМЖ.08.ӘН.03 5-қосымшаның жалғасы

Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай «Мен жастарға сенемін» тақырыбында I курс студенттер арасында өткен дөңгелек үстел.

Адамның шын мағынасымен "Адам" болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбайды, жалпы адамзатты сүюі шарт

Мағжан Жұмабаев

Ашық шараның мақсаты: Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат бере отырып, жырларының құдіретін сезіну, тіл шұрайын таныту, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу; Адамгершілік, рухани қасиеттерді білім алушылар бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау. Көрнекілігі: ақын портреті, ақын туралы лебіздер, слайдтар жинағы, бейнеролик. https://youtu.be/aDrsXN9K6uw?si=15b6XIVYtv2AjtlS Көрініс Батыр Баян https://wordwall.net/pl/resource/45760334/%D0%BC%D0%B0%D2%93%D0%B6%D0%B0%D0%BD-%D0%B6%D2%B1%D0%BC%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D0%B5%D0%B2 Мағжан Жұмабаев (тест) https://youtu.be/qWJpFSXN180?si=pZJ0ntAGZd9Xdzq6 Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен өсу жолдары. https://youtu.be/q67XqLfb1ok?si=S1H2KzkOrTuRO4pz «Дара тұлға». Оқу-танымдық анимация. Кештің барысы: Музыка ойнап тұрады.

Жүргізушілер: Бақытжан Райымбек пен Айтжанова Нұржанар.
1 - жүргізуші: Құрметті: Әдебиет сүйер қауым!
2 - жүргізуші: Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына байланысты
« Мен жастарға сенемін» атты айдарымен өтетін сабақтан тыс әдеби кешімізге «Қош келдіңіздер!».
1 - жүргізуші: Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында-ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді.
2 - жүргізуші: «Өлеңді музыкаға айналдырған, дыбыстан сурет тұрғызған, сөзге жан бітірген, жаңа өлшеулер шығарған» Мағжанның осындай қасиеттерін, ішкі шығармашылық құдіретін жұрттан бұрын байқаған әрі аса жоғары бағалаған Мұхтар Әуезов: «Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның тегінен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай… Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін» деп жазды.
1- жүргізуші: Мағжанды сүйетін, еуропалығын, жарқыраған әшекейін сүйетін Мұхтар Әуезовтің өз ойын осылай Мағжан қуғын - сүргінге ұшырап жүрген кезде ашық айтуы, бұл – Мағжанның шығармашылығына берілген баға, өсер елдің баласының сөзі ғана емес,

СМЖ.08.ӘН.03 5-қосымшаның жалғасы

азапты жолда жүрген ақынға ашықтан - ашық ара түсу, өз басын оққа байлағанмен бірдей нағыз ерлік еді!
2- жүргізуші: Иә, Жүсіпбек Аймауытов сөзімен айтсақ, “Мағжан сыршылдығымен, суретшілігімен, сөзге еркіндігімен, тапқыштығымен күшті, маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңды зарымен күшті”.

Оның өлеңдері “әлде өкіндіреді, әлде мұңайтады, әлде жылатады, әлде есіркетеді, әлде жігер береді”.
1- жүргізуші: Мағжанның пікірі бойынша, “махаббат” және “ізгілік” сөздерінің мазмұны өте жақын, өйткені сүю ізгілікке ұмтылуды, қара ниеттен аулақ болуды білдіреді. Бақытты өмір адам мен қоғамның, ұлт пен адамзаттың бірлігін қалайды. Адам бақыты - біріншіден, анаға, одан кейін жақынына, Отанына сүйіспеншілігіне, екіншіден, ұлт пен адамзаттың жай - күйіне тәуелді.

Мағжан Жұмабаевтың өмірі туралы - Мақсотова Лунара, МГ-311.1 тобының студенті.

Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы туралы - Юсупова ұлзада, МГ-311.1 тобының студенті. Сонымен сіздердің назарларыңызға «Туған жер» өлеңі. Оқитын: МГ-311.1 топ оқушысы – Латифова Нұрсұлу.
«Сарыарқа» күйі, орындайтын: Қазихан Алмас ҚТ-411.1тобы.
2 - жүргізуші: Алтай – түркі халықтарының бір алтын бесігі, өз тарихында мың өліп, мың тірілген ұлысқа пана болған, жойылып бара жатқан тәуелсіз елдігін сан мәрте қайтадан қалпына келтіруге қуат берген құтты мекен. Кезінде сақтар да, ғұндар да, түркілер де, тіпті, Шыңғыс хан да сол Алтайдан шығып, әлемнің жартысын жаулап алған.

Мағжан ақын да сол даңқты оқиғаларды түркі жұртының жадына түсіріп, “күштілермен қатар болғымыз келсе қайта бірігейік” деп жар салады.
1 - жүргізуші: Байтоков Абзалдың оқуында «Түркістан» өлеңі.
2 - жүргізуші: Мағжан Жұмабаев – бірнеше көркем поэма жазған құлашы кең эпик ақын. Ол өз заманының толғауы күрделі жайларын халқының өткен тарихын жырлау арқылы көрсетуге ұмтылды. Өйткені артта қалған қазақ елін алға жетелеу сол халықтың өз қолынан ғана келмек. Сондықтан да халыққа күш берер осындай ерлік қайнарын Мағжан тарихтан іздеді. Өз шығармаларында кешегі өткен батыр бабаларымыздың ерлігін жырлады. Абылайды, Кенесарыны жырға қосты. Сол арқылы халқының қайратын ұштап, санасын оятуды ойлады. Бұл тұрғыдан келгенде, "Батыр Баян" поэмасының маңызы ерекше. Поэманың оқиғасы бір кездегі қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілік заманнан алынған.
1 - жүргізуші: «Батыр Баян» поэмасынан қойылым (бейне көрсетілім жіберіледі). https://youtu.be/aDrsXN9K6uw?si=15b6XIVYtv2AjtlS Көрініс Батыр Баян

Қысқаша мазмұнын Жарасұлы Жансерік айтып береді.
Шығарма кейіпкерлері туралы ТөлеуАйнұр айтып береді.
Маңыздылығы туралы Шамғон Дарын айтып береді. Жазылу тарихы туралы Амангелдіқызы Назерке айтып береді. 2 - жүргізуші: Ақын атамыз егемен еліміздің ертеңгі қызметін атқарар лайықты тұлға - ол жастар екенін ескеріп, «Мен жастарға сенемін» өлеңінде елдің қалыптасуына жастардан үлкен үміт күтіп, аманат сенім артатындығын ағартады.
МГ-511.1 топ оқушысы ҚТ-411.1 топ оқушысы Бақытжан Райымбек пен Биболат

СМЖ.08.ӘН.03 5-қосымшаның жалғасы

Асылжанның оқуында «Мен жастарға сенемін»
1 - жүргізуші: «Мағжан өз тегін де, өз жерін де ардақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын ардақтауға ұмтылған, өлең сөзді асыл маржандай терген, сұлу жырымен оқырман жүрегін баураған, ал өзі болса, өне бойы қапаста, қайғы мен қасіретте өмір кешіп, ақырында мүлт кеткен, өзі айтатындай, соры арылмаған халқының зарлы перзенті»

ҚТ-4111.1топ оқушысы - Биболат Асылжанның оқуында «Қазақ тілі» өлеңі.
2 - жүргізуші: Ақын табиғат жайлы былай толғанады: “Үлбіреген гүл, күңіренген орман, сыл¬дыраған су, былдыраған бұлақ, шексіз - шетсіз қара - көк теңіз... Міне, осылар сықылды жаратылыстың сұлу заттары, яки искусствоның тылсымды жанды билеп алып кететін ән, күй, сиқырлы сөз... адамның көру сезімін сиқырлап барып, жанда сұлулық толқындарын туғызады”.
Болатова Жанботаның оқуында «Толқын» өлеңі.
1 - жүргізуші: Ұлтты сүю, кісілік деңгейге дейін көтерілу, туған халқының мүддесі үшін құрбандыққа баруға әзірлік — Мағжан Жұмабаевтың өмірлік мұраты.

Жас ұрпаққа арналған “Педагогика” оқулығында ол: “Өзінің елін сүюі, яғни еліне жауыздық тілемей, ізгілік тілеу, пайда келтіріп, зиян келтірмеуді” әрбір адамның қасиетті борышы ретінде атап көрсетеді.
МГ-511.1 топ оқушысы Шамғон Дарын оқуында «Алдамшы өмір» өлеңі.
1 - жүргізуші: Ақын өлеңдерінде бостандықты аңсау сезімі аса күшті. Екі дүние алмасып, аласапыран болып жатқан тұста өмір сүрген ол халқына тәуелсіздік күнінің жақындағанын сезеді. Әйтсе де оған жету оңай емес. Сенімінен гөрі үміті басымырақ көңіл күйде жазылған Мағжан өлеңдерінің бірі – "Сағындым". Өлең абақтыда отырған ақынның жан дүниесінен хабар береді.
МГ-411.1 топ оқушысы Сейтқалий Нұрай оқуында «Сағындым» өлеңі.
2 - жүргізуші: Мағжан нені айтса да, бейнелеп айтады. Ол үшін даланың тауы да, суы да, желі де ғажайып. Ақын өлеңдерінде адам мен табиғат астасып жатады.

Қай шығармасында да Мағжан осы екі ұғымды бірлікте алып жырлайды. Бір өлеңінде анасына, жарына, жалпы адамға деген махаббатын туған жерге катысты сезімімен ұштастырып жатса, енді бір жырларында сол табиғаттың асыл жемісі – адамды бәрінен жоғары қояды. Бұған дәлел – "Сен сұлу" өлеңі.
ҚТ-411.1 топ оқушысы Бақытжан Райымбек «Сен сұлу».
2 - жүргізуші: Рымғали Нұрғалидың сөзімен айтсақ: «Мағжан поэзиясы мәңгі өлмес, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, інжу - маржаны, махаббат, сүйіспеншілік, ғашықтық стихиясының сан алуан тылсым, жұмбақ күйлерін шерткен, терең ақындық шабыттан толқып туған, адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген, ішкі мазмұны мен түр кестесі жымдаса ұласқан, ықшам, жинақы, жұп - жұмыр жауһар дүние»
1 - жүргізуші: Алдарыңызда Мағжан поэзиясының табынушылары.
1 курстың МГ511,1 топ оқушысы – Айтжанова Нұржанар, «Орал» өлеңі.
2 - жүргізуші: Мағжан Жұмабаев – қазақ поэзиясында жарқын жырларымен от шашып, өшпес із қалдырған тұлға. Көркем сөзбен көрікті өлеңдерді әдебиетіміздің әлеміне сыйлаған ерекше жан.
1 - жүргізуші: Құрметті, әдебиет сүйер қауым, ХХ ғасырдың алып тұлғасы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған « Мен жастарға сенемін» атты сабақтан тыс шара (дөңгелек үстел) өз мәресіне жетті. Келесі кешімізде кездескенше сау болыңыздар!

СМЖ.08.ӘН.03 5-қосымша

Қазақстан Республикасының оқу- ағарту министрлігі

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы

«Жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК










«Бекітемін»

Директордың ОӘЖ

жөніндегі орынбасары __________ А.М.Кайырлиева


«____»____________ 2023 жыл




Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы - Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай "Мен жастарға сенемін" тақырыбында сабақтан тыс ашық шара, I курс студенттер арасында өткізілген

дөңгелек үстел










Орал қаласы, 2023 ж.


Құрастырған: Акишева З.И.


Тілдер ПЦК отырысында қаралды Келісілді:

ПЦК меңгерушісі Мухамбеткалиева Г.Ш. Колледж әдіскері

Хатттама № ____________ ________ Утишкалиева С.К.

«____» _________ 2023 жыл

ПЦК жетекшісі______________ «____» ________ 2023 жыл
















































СМЖ.08.ӘН.03 5-қосымшаның жалғасы

Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай «Мен жастарға сенемін» тақырыбында I курс студенттер арасында өткізілген дөңгелек үстел.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!